Қоғамды тамақтандыру ең күрделі және ең жауапты сала! Сол жауапкершілікті арқалай отыра, дәмді, адал, жоғарғы сапалы өнім ұсынып, халықтың ыстық ықыласына бөлену бір ғанибет шығар! Біз өз кезегімізде осы саланы таңдадық! Мақсатымыз ең сапалы өнім ұсыну болса, біз оны “Мамулины вкусняшки” брендінен таптық! Және франшизасын аларда еш ойланбастан шешім қабылдадық! Себебі сапа, кәсіптеріне деген махаббат, пейілдері, жұмысқа деген ынтасы барлығы сезіліп тұрды! Әрине кездесуден соң, цех жұмысымен, ішкі кухнясымен танысқан соң, күмәніміз сейіліп, сенімділігіміз арта түсті! Біз де бренд идеясын, отандық өнімді дамыту мақсатын алға қоямыз! Күш-жігерімізді толықтай “Мамулины вкусняшки” брендінің дамуына, одан әрі өсіп, өркендеуіне ат салысуға уәде береміз!